КӨРУ ҚАБІЛЕТІ БҰЗЫЛҒАН АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫН ӨТТІ
Халықаралық Ақ таяқ күні қарсаңында өңірде бірқатар шаралар ұйымдастырылып жатыр. Атап айтқанда, түрлі ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, әлеуметтік акциялар, көше сауалнамалары, танымдық кездесулер, шығармашылық іс-шаралар ұйымдастырылды. Ал облыстық кітапхана қызметкерлері көру қабілеті бұзылған азаматтардың құқықтары мен мүмкіндіктеріне қоғам назарын аударту, оларға деген түсіністік пен құрметті арттыру мақсатында, сондай-ақ қолжетімді және қауіпсіз орта қалыптастыру үшін интеллектуалды ойын өткізді.