ҚАЛАЛЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ЖАҢАРТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Биыл облыс орталығындағы бірқатар жолдар жөнделіп, қоғамдық көліктер жаңартылып, аулалар абаттандырылды. Сонымен қатар, көппәтерлі тұрғын үйлерді жаңарту жұмыстары да жүйелі түрде жалғасып жатыр. Аталған мақсатты жүзеге асыруға облыс және республика тарапынан қажетті қаражат бөлінуде.