ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ ҮШ ЖОБАҒА 5,7 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
Мемлекет басшысының әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында облыс бойынша ауқымды үш жоба жүзеге асады. Атап айтқанда, жаңа жедел жәрдем стансасы мен бірқатар медициналық нысандар салу жоспарланған. Аталған жобаларды жүзеге асыру медициналық инфрақұрылымды одан әрі жаңартуға, азаматтарға көрсетілетін қызметтің қол жетімділігі мен сапасын арттыруға ықпал етпек.