Негізгі Жаңалықтар ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ҚАУІПСІЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ КЕПІЛІ

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ҚАУІПСІЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ КЕПІЛІ

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ҚАУІПСІЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ КЕПІЛІ

«Заң мен тәртіп» қағидатын дәріптеу мақсатында Алға мәдениет үйінде оқушылармен кездесу өтті. Онда прокуратура өкілдері мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері аудандық білім бөлімінің мамандарымен біріге отырып, жасөспірімдерді зиянды әрекеттер мен құқықбұзушылықтардан аулақ болуға шақырды. Заңға құрметпен қарап, қоғамдық орындарда тәртіп сақтау керегін түсіндірді. Шара барысында оқушылар 

ашық микрофон арқылы сала мамандарына сауалын қойып, мардымды жауап та алды. Сонымен қатар, кездесуде жаңа оқу жылындағы білім беру мазмұны мен мектеп бағдарламасына енгізілген бірқатар өзгерістер айтылды.  

Бөлісу