40 ЖАС ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ
Күзгі әскерге шақыру науқаны аясында 40 жас сарбаз әскери қызметке аттанды. Жаңадан шақырылғандардың 15-і Маңғыстау облысындағы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, тағы 25-і Астана қаласындағы Ұлттық ұлан қатарына жіберілді. Әскерге шақырылушыларды салтанатты шығарып салу рәсімі өтті.