Негізгі Жаңалықтар ВОЛОНТЕРЛАР МЫҢ ҮШ ЖҮЗГЕ ЖУЫҚ ІС-ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

ВОЛОНТЕРЛАР МЫҢ ҮШ ЖҮЗГЕ ЖУЫҚ ІС-ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Аймақта 6 жылдан бері "Волонтерлар кеңесі" жұмыс істейді. Оның құрамына 40 ұйым енген. Белсенділер үнемі өңір тұрғындарына пайдасы тиетін, игілікті істермен айналысып келеді. Айталық, жыл басынан бері ерікті жастар 1300-ге жуық іс-шараға қатысты. Оның ішінде түрлі экологиялық, мәдени, рухани танымдық шаралар мен қайырымдылық істерде белсенділік танытты. Сонымен қатар, балалар үйіне жиі барып, балғындардың жүзіне күлкі сыйлауды үрдіске айналдырған. Олардың цифрлық технологияларды меңгеруіне де қол ұшын созған. 

Бөлісу