ЖАҢА ИДЕЯЛАР БӘСЕКЕСІ
Өңірде жаңа идеяларды қолдауға бағытталған инкубациялық бағдарламаның финалы өтті. Үш ай бойы қатысушылар өз жобаларын жетілдіріп, оны бизнеске айналдырудың жолдарын үйренді. Енді үздік жоба өңір намысын халықаралық технологиялық алаңда қорғайды. Бұл - үш айға созылған ізденіс пен еңбектің нәтижесі. Инкубациялық бағдарламаға қатысушылар өздерінің стартап-жобаларын жан-жақты таныстырды. Бағдарлама барысында жас кәсіпкерлер идеяларын нақты жобаға айналдыру мақсатында жұмыс істеді. Бизнес-модель құруды, өнімді нарыққа шығаруды және оны дамыту жолдарын үйренді. Сондай-ақ өз жобаларын қалай таныстырып, көпшілікке қалай жеткізу керегін меңгерді.