АЙМАҚТА ДӘНДІ ДАҚЫЛДАРДЫҢ 63%-Ы ЖИНАЛДЫ
Аймақта егін жинау науқаны жалғасуда. Қазіргі уақытта дәнді дақылдардың 63%-ы жиналды, 361 мың тонна астық бастырылды. Егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті ауыл шаруашылығы техникаларымен дизель отыны көлемі жеткілікті. Ал астық сақтау орындарының жалпы сыйымдылығы 685 мың тоннаны құрайды. Бұл көлем жиналатын өнімдерді сақтауды қамтамасыз етуге толық мүмкіндік береді.