БАЛАЛАРДЫҢ ЖОЛДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІГІ – ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА
Жыл басынан бері балалардың қатысуымен 300-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелген. Салдарынан қаза тапқандары да бар. Дегенмен биыл мұндай келеңсіз жағдайлар өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге азайыпты. Ал жаңа оқу жылында балалардың жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары жіті назарға алынып отыр. Жоспарлы жұмыстар барысы облыс әкімінің төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде қаралды.