КӨШЕТТЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
Өңірде күзгі көшеттерді отырғызу маусымы басталды. Сондықтан жылдағы дәстүрмен өткен сенбіде қалада ауқымды жәрмеңке өтті. Онда тұрғындарға жергілікті климатқа сәйкес келетін ағаш көшеттері мен өсімдіктер қолжетімді бағада сатылды.
Жәрмеңкенің жоғары дәрежеде өтуіне Астана ауданының әкімдігі ұйытқы болды. Мақсат - табиғатқа жанашыр жандар мен бағбандарға қолайлы жағдай жасау.