АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНДІРУШІЛЕРІН КЕШЕНДІ ҚОЛДАУ
Ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту, инвестициялық жобаларды қаржыландыру - шаруаларға көрсетілетін қолдаудың негізі. Жыл басынан бері «ҚазАгроҚаржы» компаниясының өңірлік филиалы бұл бағытта 12 миллиард теңге қаржы үлестірген. Нәтижесінде, аймақ шаруалары заманауи техника мен жабдықтарды тиімді шарттармен сатып алу мүмкіндігіне ие болды.