АДАЛ АЗАМАТ - ЖАУАПТЫ ҚОҒАМ
Бала тәрбиесі - мектеп пен ата-анаға ортақ міндет. Қаладағы №85 жалпы білім беретін орта мектепте "Адал азамат - жауапты қоғам: Конституциялық құндылықтар және отбасы тәрбиесі" тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Кездесуге полиция қызметкерлері де қатысып, жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығы мен қауіпсіздігі мәселелерін талқылады.