Негізгі Жаңалықтар АЙМАҚ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ

АЙМАҚ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ

Облыс әкімі Асхат Шахаров азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Жеке қабылдауға өңірдің 13 тұрғыны келді. Олардың басым бөлігі елді мекендерді абаттандыру және дамытуға қатысты мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, Хромтау ауданының Абай ауылының тұрғыны елді мекенді дамыту және абаттандыруға қатысты, Шалқар ауданы Шетырғыз ауылдық округіне қарасты ауыл тұрғыны елді мекенді газдандыру туралы мәселені жеткізді. Қобда ауданы Әлия ауылының тұрғыны жолдың жағдайын жақсартуды сұрады. Ал қала тұрғындарының бірі көшелерді абаттандыру туралы сұрақты қаузады. Қабылдау барысында инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларға қатысты мәселелер де қаралды. Өтініш иелері полистиролбетон блоктарын өндіру жобасын іске асыруға қаржылай қолдау көрсету және шаруа қожалығының өндірістік базасын электрмен жабдықтау мәселесін шешуге ықпал етуді де сұрай келіпті. Жеке қабылдау қорытындысы бойынша Асхат Шахаров жауапты мемлекеттік органдарға азаматтардың барлық өтінішін жан-жақты қарауды тапсырды. Көтерілген мәселелер қолданыстағы заңнамамен зерделеніп, тиісті шешімдер қабылданбақ.


Бөлісу