АҚТӨБЕЛІК ЖАСТАРДЫҢ АЛҒАШҚЫ ЛЕГІ ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ
Өңірде күзгі әскерге шақыру науқаны басталды. Бүгін Отан алдындағы борышын өтеуге шақырылған жастардың алғашқы легі әскерге аттанды. Астана және Алматы аудандарының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармасында 18 азамат Маңғыстау облысындағы Ұлттық ұлан сапына жіберілді.