ІШЕК ИНФЕКЦИЯЛАРЫНАН САҚТАНЫҢЫЗ!
Дәрігерлер ішек инфекцияларын жұқтыру қаупі жоғары болатын жаз және күз айларында жеке гигиенаны сақтауға және азық-түлікті сақтау ережелеріне мән беруге кеңес береді. Сонымен қатар, күн райының суытуы вирустың да өршитін кезі дейді дәрігерлер. Ақ халаттылардың айтуынша ішек инфекциясына шалдығатындардың көбі балалар.