ШОМЫЛУ МАУСЫМЫНДА 126 АДАМ ӘКІМШІЛІК ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ
Шомылу маусымы басталғалы бері жүйелі жүргізілген мониторинг жұмыстары кезінде заңға бағынбай, құқықбұзушылыққа жол берген 126 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бекітілген ережені елемеу салдарынан 6 адам қаза тапты. Тіркелген дерек былтырғы жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 33 пайызға азайған. Бұл тиісті мамандар тарапынан кезең-кезеңімен жүргізілген жұмыстар нәтижесі. Атап айтқанда, демалыс орындарын ұйымдастыру бойынша келіп түскен өтінімдерге сәйкес 67 орын тексеріліп, 33 жағажай пайдалануға берілді. Шомылуға қауіпті 228 орынға 430 тыйым салу белгісі орнатылды. Барлығы 85 құтқарушы оқыту даярлығынан өтті. Қазіргі таңда қала бойынша өзен-су бойына 33 бейнебақылау камерасы орнатылған.