АЙМАҚТЫҢ 6 СПОРТШЫСЫ VI ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫНДА БАҚ СЫНАЙДЫ
Бүгін Қырғыстанда VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары басталды. Ауқымды жарыста көшпенді халықтардың салт-дәстүрі мен мәдени мұрасы, сондай-ақ ұлттық спорт түрлері дәріптеледі. Ал қатысушылар нақ осы спорт түрлерінен сынға түседі. Айта кетейік, өңірімізден аттанған 6 спортшымыз ұлттық құрама сапында ел намысын қорғайтын болады.