АЛҒА ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ АШЫЛДЫ
Мемлекет басшысының тапсырмасымен елімізде теміржол вокзалдарын реконструкциялау жұмыстары қолға алынған еді. Жалпы саны - 124 вокзал. Оның жетеуі өңірімізге тиесілі. Бүгінде құрылыс жұмыстары кезең кезеңімен аяқталып, нысандар ел игілігіне берілуде. Бүгін, міне, Алға теміржол вокзалы рессми түрде ашылды.