ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДА ОБЛЫСТЫҚ АРНАЙЫ МЕКТЕП ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАЙДЫ
Ертең 1 қыркүйек - жаңа оқу жылы басталады. Осы тұста өңірдің барлық білім ордалары өз жұмысын бастайды. Сонымен қатар, біршама жаңа нысандар қолданысқа беріледі. Солардың бірі облыстық арнайы мектеп жанынан салынған бастауыш сыныптар мен мектепалды даярлық балаларына арналған жаңа ғимарат.