ОБЛЫСТЫҚ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ
Білім беру саласының мамандары облыстық Тамыз кеңесінде бас қосты. Ауқымды жиын өңірдің білім беру жүйесіндегі даму бағыттарын саралау, жаңа оқу жылындағы басым міндеттерді айқындау, заманауи білім беру тәсілдерін талқылауға бағытталды. Маңызды жиынға аймақ басшысы арнайы қатысып, салама мамандарына ақжарма тілегін білдірді. Сондай-ақ, білім беру саласының үздіктері марапатталды.