Негізгі Жаңалықтар ЖЕҢІМПАЗ ПАРАСПОРТШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСУ

ЖЕҢІМПАЗ ПАРАСПОРТШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСУ

Қалада аймақтың параспортшылары мен мүгедектігі бар спортшылар арасында республикалық чемпионаттың қорытындысына арналған кездесу өтті. Айта кетейік, аталмыш жарыс тамыздың 14-і мен 21-і аралығында өткен болатын. Онда облыс құрамасынан тірек-қимыл аппараты бұзылған 10 спортшы және көру қабілеті бұзылған 6 спортшы бақ сынады. Өңір намысын қорғаған үміткерлердің барлығы да жүлделі орыннан көрінді. Енді міне кездесу барысында жеңімпаздардың жарыс жолындағы дайындығы мен шеберлігі дәріптелді. 

Бөлісу

Аймақтық телеарналар