ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫН ЖАҢҒЫРТУ
Өңірдің тұрғын үй қорын жаңғырту жұмыстары қарқынды. Облыс орталығында апатты үйлер мәселесін шешуге бағытталған ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, осыдан екі жыл бұрын Тілеу батыр көшесінде орналасқан апатты үй бұзылған болатын. Қазіргі уақытта оның орнына бес қабатты жаңасы бой көтеруде. Бұл пәтерлер апатты деп танылған бұрынғы үйдің тұрғындарына беріледі.