ҚАЗЫБЕК ҚАЛМАҒАМБЕТОВ ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
Ақтөбеліктер үшін тарихи жеңіс! Спортшымыз Қазыбек Қалмағамбетов Славакияның Братислава қаласында өткен әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Осылайша, өңірге жеңіспен оралған палуанды Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежайдан ата-анасы, жақындары мен жерлестері бар сән-салтанатымен күтіп алды.