ЖАҢА КӨПІР ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛДІ
Еліміз үшін тарихи маңызды сәтте Ойыл халқы ерекше шаттыққа кенелді. Күні кеше өптен күткен көпір ел игілігіне берілді. Естеріңізде болса, 2024 жылдың көктемінде Ойыл өзені арнасынан асып, ауылға кіреберістегі көпірді су шайып өткен болатын. Екі жылдан астам уақыт табиғи апаттың салдарынан елдімекенге қатынас қиындап, тұрғындар уақытша өткел мен айналма жолды пайдалануға мәжбүр болды.