ТҰСАУ КЕСЕР РӘСІМІ ӨТТІ
Құрылтай сайлауы - саяси науқан ғана емес, мерекелік шараларға толы. Сайлау учаскелеріне келіп дауыс берген қала тұрғындары үшін онда түрлі мәдени шаралар да ұйымдастырылды. Мәселен, №49 сайлау учаскесінде тұсау кесер рәсімі өтті. Бүлдіршіннің алғашқы қадамы осындай айтулы күні жасалып, дауыс беруші азаматтар ерекше сәттің куәсі болды. Балапанның тұсауын облыстық мәслихат депутаты Сергей Вишняк кесті.