ТҰМАБҰЛАҚ АУЫЛЫНА КӨГІЛДІР ОТЫН БЕРІЛДІ
Әйтеке би ауданының Тұмабұлақ ауылында халық асыға күткен мәселе шешілді. Елді мекендегі 80 аула түгелдей көгілдір отынмен қамтылды. Айта кетейік, бұл жоба Мемлекет басшысының ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыру және елді мекендерді газдандыру туралы тапсырмасы аясында жүзеге асырылды.