МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ЖАСТАР: ЖАҢА БУЫННЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Мемлекеттік қызметке жастардың келуі – ел басқару ісіне жаңа серпін берері хақ. Білімді, ізденімпаз әрі елге қызмет етуге ниетті жас мамандар бүгінде аудан әкімдіктеріндегі маңызды салаларда еңбек етіп жүр. Қарғалы ауданында да мемлекеттік қызметке қадам басқан жастардың қатары артып келеді. Мемлекет қызмет туралы жаңа заң олардың кәсіби тұрғыда шыңдалуына мүмкіндік берді.