ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ
Өңірде жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қызу. Облыс орталығымен қатар, аудан мектептері де күрделі жөндеуден өтіп, жаңа кейіпке енуде. Мұндай жұмыстардың бірі жаз бойы - Қарғалыдағы білім ордаларында қолға алынды. Биыл аудандағы ескірген білім ғимараттары жөнделді. Оған қоса әлеуметтік осал санаттағы оқушыларды қолдау шаралары күшейтілді.