МЕКТЕП АВТОБУСТАРЫ ТЕКСЕРІЛДІ
Өңірде 140-тан астам білім ордасы балалар автобусымен қамтылған. Жыл сайын жаңа оқу жылының басында облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері нақ осы техникалардың дайындығы мен оқушылар үшін қауіпсіздігін тексереді. Бұл үрдіс биыл да жалғасын тапты.