ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СОЛАҚАЙЛАР КҮНІ
Бүгін – Халықаралық солақайлар күні. Бұл бастама 1984 жылы солақайлардың халықаралық конфедерациясында көтерілді. Мерекені мәні- соол қолын көбірек пайдаланатын адамдарға әлем назарын аударту және олар үшін арнайы өнімдерді жасап шығаруды қолға алу.Өйткені бүгінде техникалық құрал-жабдықтардың басым бөлігі оңқайлар үшін шығарылады. Ал әлем бойынша адамдардың 10 пайызға жуығы - солақай. 30 жылдан астам білім саласында еңбек етіп келе жатқан ұстаз Светлана Дик солақай оқуға сабақ бергенін айтады. Әдетте 30 баладан тұратын сыныпта 2-3 солақай бала кездеседі дейді педагог.