Негізгі Жаңалықтар ТОЙ ЕМЕС, ҚАУІПТІ ЖАРЫС: ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛАР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ

ТОЙ ЕМЕС, ҚАУІПТІ ЖАРЫС: ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛАР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ

Той тойланмын деп өрескел қателік жасады. Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері үйлену тойына арналған автокөліктер кортежінің жол қозғалысы ережелерін бұзғанын анықтады. Оқиға Мұғалжар ауданының аумағында болған. Бейнематериалда көлік жолаушыларының қозғалыс кезінде автокөліктің терезесінен дене мүшесін шығарғаны, ал жүргізушінің рөлде ұялы телефон пайдаланғаны және қауіпсіздік белдігін тақпағаны байқалған. Қазіргі уақытта құқық бұзушылар заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Бөлісу