МҮГЕДЕК ЖАНДАРДЫҢ САЙЛАУ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Сәуір, маусым айларының аралығында облысқа қарасты 12 аудан мен қалада мүгедектігі бар азаматтар үшін сайлау құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған кешенді жұмыстар атқарылды. Құзырлы мамандар сайлау учаскелеріне мониторинг жүргізіп, әрбір адамға қолжетімді жағдай жасалғандығын қадағалады. Тексеру жұмыстарына барлығы 95 жұмыс тобының мүшесі қатысты.