ҚҰРЫЛТАЙ - ЕЛ БІРЛІГІНІҢ НЕГІЗІ
Құрылтай — халық пен ел басқарушылар арасындағы байланысты күшейтетін маңызды жиын. Онда қоғамның дамуына әсер ететін түрлі мәселелер ашық талқыланады. Сондықтан алдағы сайлау еліміздің саяси өміріндегі елеулі кезеңдердің бірі саналады. Әр азамат өз дауысын беру арқылы ел болашағына әсер етіп, азаматтық ұстанымын білдіреді. Бұл ұлттың келешегі халықтың бірлігі мен белсенділігіне байланысты екенінің айқын дәлелі.