АУЫЛ БАЛАЛАРЫНА АРНАЛҒАН ОЙЫН АЛАҢДАРЫ САЛЫНДЫ
Ауыл балалары да қала балалары сияқты бақытты балалық шақты өткеруге құқылы. Бүгінде ауылдағы ойын баласы үшін барлық қажетті жағдай жасалған. Оған дәлел Әйтеке би ауданының Т.Жүргенов ауылы. Мұнда биыл қос бірдей балалар ойын алаңы ашылды. Тіпті оның бірінде футбол алаңы да қамтылған. Жергілікті тұрғындар кешкі мезгілде осынау демалыс орнына келіп, балғындарына қуаныш сыйлайды.