Негізгі Жаңалықтар "ҚАУІПСІЗ ҮЙ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ 

"ҚАУІПСІЗ ҮЙ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ 

Шаһар аумағында 7-8 тамыз күндері аралығында "Қауіпсіз үй" жедел профилактикалық іс-шарасы өтті. Тәртіп сақшылары тұрмыстық зорлық - зомбылықтың алдын алып, отбасылық дау-жанжалдың соңы қателікпен аяқталмас үшін тұрғындармен тілдесіп, түсіндіру шараларын өткізді. Жалпы саны қала аумағындағы 166 үй-жай араланды. Оның ішінде 158 тұрғын үй полиция есебінде тұрған отбасы мүшелері қоныстанған мекенжай. Сондай-ақ, акция қорытындысына сәйкес 68 әкімшілік хаттама толтырылып, 32 азаматқа сотпен мінезіне ерекше талап қойылды. 64 қорғау нұсқамасы шығарылды. 

Бөлісу