Негізгі Жаңалықтар ЖАҢА IT HUB: ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫ ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУДА

ЖАҢА IT HUB: ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫ ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУДА

Ақтөбеде жастарға арналған жаңа IT Hub жақын күндері есігін айқара ашады. Қоғамдық кеңес мүшелері жергілікті колледж базасында салынып жатқан цифрлық орталықтың құрылыс барысымен танысты. Қазір нысандағы жұмыстар аяқталуға жақын. Аралау барысында мамандар соңғы кезеңдегі жұмыстарды жеделдетуді және орталықты жаңа оқу жылына дейін тапсыруды ұсынды. Жоба облыс әкімінің қолдауымен өңірді цифрландыру бағыты аясында жүзеге асырылып жатыр. Болашақта IT Hub тек колледж студенттеріне ғана емес, ақпараттық технологияларға қызығушылық танытқан барлық тұрғынға қолжетімді болады. 

Бөлісу