Негізгі Жаңалықтар ЖОБАДАН НӘТИЖЕГЕ ДЕЙІН

ЖОБАДАН НӘТИЖЕГЕ ДЕЙІН

Қоғамдық ұйым үшін жақсы идеяның өзі жеткіліксіз. Оны жүзеге асыру, қаржыландыру көзін табу, грантқа дұрыс өтінім беру және барлық құжатты талапқа сай рәсімдеу маңызды. Үкіметтік емес ұйымдардың осы бағыттағы білімін жетілдіру мақсатында арнайы оқу курсы ұйымдастырылды. Қатысушыларға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс пен гранттық қаржыландыруға өтінімді дайындау тетіктері түсіндірілді. Яғни, жобаны ұсынудан бастап, қажетті құжаттарды рәсімдеуге дейінгі негізгі талаптар талқыланды.Семинар барысында теориямен қатар, практикалық тапсырмаларға да басымдық берілді. Қатысушылар өз жобаларына қатысты сұрақтарын қойып, мамандардан нақты кеңес алды. Оқу бағдарламасына қатысушыларға сертификаттар табысталды. 

Бөлісу