ЖӘРДЕМАҚЫНЫ РӘСІМДЕУ ЖЕҢІЛДЕДІ
Жыл басынан бері Қазақстанда бала тууына байланысты 200 мыңнан астам отбасы біржолғы мемлекеттік жәрдемақы алған. Ал, мемлекеттік қызметті рәсімдеу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына арнайы барудың қажеті жоқ. Себебі төлемді проактивті түрде алуға болады.