ШАЛҚАРДА ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Аймақ басшысы Шалқар ауданына жұмыс сапары барысында құрылысы жүргізіліп жатқан бірқатар әлеуметтік нысанды аралады. Оның ішінде 150 балаға шақталған өнер мектебі мен аудандық аурухананың стационарына жапсарлас салынып жатқан қосымша ғимараттың құрылыс жұмысымен танысты.