ШАЛҚАР АУДАНЫНА ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Шалқар ауданының актив отырысында облыс әкімі Асхат Шахаров ауданның жаңа әкімін таныстырды. Өңір басшысының өкімімен Қайрат Ақшолақ жаңа қызметке тағайындалы. Ол еңбек жолын 1990 жылы Шалқар эксплуатациялық учаскесінің операторы болып бастап, әртүрлі жылдар ішінде құқық қорғау саласындағы бірқатар қызметтерді атқарды. Ал 2003 жылдан бастап Шалқар аудандық Полиция бөлімінің тәрбие және кадр жөніндегі орынбасары және бастығы, сондай-ақ, Ырғыз аудандық Полиция бөлімінің бастығы қызметтерін атқарды. 2020 жылдың қыркүйек айынан бастап бүгінгі күнге дейін аудан әкімінің орынбасары лауазымында болды. Актив отырысында аймақ басшысы жаңа әкімнің жұмысына сәттілік тілеп, бірқатар міндеттер жүктеді.