Негізгі Жаңалықтар ҚАЛДЫҚТАРҒА ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА

ҚАЛДЫҚТАРҒА ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА

Күнделікті өмірде қажетсіз көрінген заттардың барлығын бірден қоқысқа тастауға асықпаған жөн. Шығармашылық пен қиялдың арқасында қарапайым қалдық саналған заттарға да екінші өмір сыйлауға болады. Осы мақсатта өңірлік Қ.Жұбанов атындағы университет қабырғасында көрме ұйымдастырылды. Аталған көрмеге жалпы саны онға жуық түрлі материалдардан жасалған картиналар қойылды. Олардың қатарында пластик бөтелкелер, мата, қағаз қалдықтары, қаңылтырлардан жасалған туындылар бар. Әрбір экспонат - табиғатқа жанашырлықтың, ұқыптылықтың және жаңа идеяның көрінісі. Көрме білім ордасында екінші жыл қатарынан жалпыұлттық Таза Қазақстан акциясы аясында өткізіліп келеді. 

Бөлісу