АЙМАҚ БАСШЫСЫ ЖАҢА САЯБАҚ АУМАҒЫНДА АҒАШ ОТЫРҒЫЗДЫ
Мыңдаған ақтөбелік «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында өткен "Дүниежүзілік тазалық күні" акциясына қатысты. Көгалдандыру жұмыстары қалада және облыстың барлық ауданында ұйымдастырылды. Аймақ басшысы Асхат Шахаров аталмыш акцияға қатысып, «Қоныс» спорт сарайының жанындағы жаңа саябақ аумағында ағаш отырғызды. Әрі сенбілікке шығып, шаһардың тазалығы мен абаттандырылуына үлес қосқан барша жанға алғысын білдірді.