РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ӨТТІ
Хромтауда республикалық ақындар айтысы өтті. Сөз барымтасына Алматы, Астана, Түркістан қалаларынан, Жамбыл және Ақтөбе облыстарынан 10 ақын қатысып, суырыпсалма өнердің озық үлгісін көрсетті. Айтыстың ақтаңгерлері туған жердің қасиетін жырға қосып, ел бірлігі мен қоғамдағы өзекті мәселелерді өлеңнің өзегіне айналдырды. Ал сөз додасының басты арқауы – адал еңбек, зерделі ұлт, таза Қазақстан құру сынды құндылықтар болды.