ЖАС БУЫНҒА ЗАҢ – БАҒДАР, ТӘРТІП – ТІРЕК
Жасөспірімдер мен жастар арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтардың алдын алу бүгінгі күннің басты тақырыбы. Аймақ тәртіп сақшылары бұл бағытта мардымды жұмыс істеп келеді. Айталық, 8 айда кәмелетке толмағандар арасында 61 құқықбұзушылық тіркелген. 4300-ге жуық оқушы Ішкі істер бөліміне жеткізіліп, 836 ата-ана өз міндетін дұрыс орындамаған үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Мұндай келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында сала мамандары колледждер мен мектептерге барып, оқушылармен кездесу өткізуде. Олар әрбір шарада "Заң мен тәртіп" қағидатын кеңінен насихаттап, жас буынды қоғамдық орындарда тәртіп сақтауға, құқықбұзушылықтарға бой алдырмауға шақырады.