КӨПҚАБАТТЫ ҮЙЛЕРДІҢ ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҒЫ ТЕКСЕРІЛДІ
Қалада жылыту маусымына дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр. Әсіресе, көпқабатты үйлердің жертөлесіндегі инженерлік желілер мен қазандықтардың жай-күйі жіті бақылауда. Қала әкімі Азамат Бекет бірқатар тұрғын үйдегі жөндеу жұмыстарын аралап, дайындық барысын көрді.