ОБЛЫС ӘКІМІ АЙМАҚТЫҢ КЕШЕНДІ ДАМУ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Елек өзенінің бойында жаңа құтқару бекеті ашылды. Нысан арнайы жабдықтар мен техникаларды сақтауға, құтқарушылардың жыл бойы кедергісіз жұмыс істеуіне сай жасақталған. Сонымен қатар, қалада жақын арада спорттық медицина орталығы ашылады деп жоспарлануда. Өткен сенбіде аймақ басшысы аталған нысандар мен бірқатар өндіріс орнын аралап, ондағы жұмыс барысымен танысты.