Негізгі Жаңалықтар KITAP TIME-2026

KITAP TIME-2026

Бүгін ел аумағында бір мезетте «KitapTime-2026»: V жалпы республикалық кітап фестивалі өтті. Дәстүрлі шараға Ақтөбедегі Сағи Жиенбаев атындағы жасөспірімдер кітапханасы да үн қосты. Фестиваль аясында жас оқырмандар ақтөбелік журналист, жазушы, детектив жанрында қалам тербеп жүрген Зияш Телеуовамен кездесті. Жиында қаламгер шығармашылығы, әдебиет және кітап оқудың маңызы сөз болды. Оқырмандар жазушыға өз сауалдарын қойып, еркін пікір алмасты. Фестивальдің мақсаты – қоғамда кітап оқу мәдениетін насихаттау, жас буынның әдебиетке қызығушылығын арттыру, ұлттық және әлемдік әдеби мұраларды кеңінен таныту. 

Бөлісу