КІТАПХАНАНЫҢ КІТАП ҚОРЫ БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІМЕН ТОЛЫҚТЫ
Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының қоры жаңа туындылармен толығуда. Әсіресе, балалар әдебиетінің кітап қоры артқан. Әрі оны іздеп келіп оқитын жас оқырманның да саны көбейген. Мұнда кітап сүйер қауым үшін көркем әдебиет, түрлі жанрдағы заманауи жинақтар да қолжетімді. Бүгінде кітапхана қорында 75 мыңнан астам кітап болса, оның он мыңға жуығы балалар әдебиетіне арналған.