XV РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰРАН ЖАРЫСЫ ӨТТІ
Сонымен қатар, өңірде қасиетті Құранды жатқа және мәнерлеп оқудан өткен ХV республикалық байқау аяқталды. Сайысқа еліміздің 20 өңірінен 80 қари қатысты. Екі күн бойы қатысушылар Құран оқудағы білімін, есте сақтау қабілетін сынға салды. Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтады.