Негізгі Жаңалықтар VI ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫ: КӘРІМ НҰРТАЛАП АУДАРЫСПАҚТАН ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

VI ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫ: КӘРІМ НҰРТАЛАП АУДАРЫСПАҚТАН ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

Қырғызстанның Бішкек қаласында өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында өңірлік спортшымыз Кәрім Нұрталап аударыспақтан 60 келі салмақ дәрежесінде топ жарып, алтын жүлдеге ие болды. Жеңімпаз жас Ырғыз ауданының Құмтоғай ауылында дүниеге келген. Кәрім аударыспақпен 2021 жылдан бері айналысады. Ал былтырдан бері Жоғары спорт шеберлігі мектебінде жаттығып келеді. Бұл жолы жаһандық додада ел намысын абыроймен қорғап, қазақ көрермендерінің мерейін биікке көтерді. 


Бөлісу